Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Ұзынкөл ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Узункольского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

2024 жылдың 3 ақпанында Қостанай қаласында Қостанай облысының әскери- патриоттық клубтарының арасында, Ауғанстаннан Советтік әскерлерін шығаруының 35 жылдығына арналған «Снайперский рубеж» атты оқпен атудан чемпионаты өтті.

Біздің ауданан әскери-спорттық клуб «Патриот, жетекшісі Лезбаев С.К. және «Ершов жалпы білім беру мектебі» КММ әскери- патриоттық клубы «Беркут», жетекші Мишура С.И.

Облыстың аудан және қалаларынан 20 әскери- патриоттық клубы қатысты. Жарыстардың қорытындысы бойынша «Ершов жалпы білім беру мектебі» КММ әскери- патриоттық клубы «Беркут» бірінші орынды, әскери-спорттық клуб «Патриот» екінші орынды иеленді.

Біздің патриоттарды үздік оқпен атуларымен және тиісті орындарымен құттықтаймыз!

2023 жылғы 30 қазан мен 01 қараша аралығында Ақтөбе қаласында Ұзынкөл ауданының командасы Ұлы Отан соғысының батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін еске алуға арналған «Мерген ару» (қыздар арасында) республикалық атыс турнирінде Қостанай облысының атынан қатысты. «Бүркіт» ӘПК мүшелері «Ершов жалпы білім беретін мектебі» КММ Белоусова Екатерина, Мурзалина Раушан, «Жас Патриот» ӘПК «№ 1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ Кенкенова Альбина, «Патриот» ӘПК «Троебрат ЖББМ» КММ Аккужина Зейнеп екі жаттығуда атыс бойынша республикалық жарыстарда бірінші жүлделі орынға ие болды (ӘП-1 және ӘП-2). Кенкенова Альбина жеке біріншілікте бірінші орынға ие болды және осылайша қоссайыста чемпион атанды. Аккужина Зейнеп ПВ жеке біріншілігінде-2---2 орын, 2 жаттығудың қорытындысы бойынша - 3 орын. Мурзалина Раушан ВП-2---2 орын, 2 жаттығудың қорытындысы бойынша - 3 орын, Белоусова Екатерина ВП-2---1 орын. Қыздарымызды құттықтаймыз, одан әрі табыс тілейміз! Команданың жаттықтырушылары: Кенкенов К. А., Мишура С. И., Лезбаев С. К.

Республика күні мерекесі қарсаңында Ұзынкөл аудандық балалар шығармашылық үйінде алғаш рет «Ақындар айтысы» ақындар фестивалі өтті. Іс-шараның мақсаты: ұлттық рух пен отансүйгіштікке, өз халқына, салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, қазақ халқының интеллектуалдық сезімталдығын қалыптастыру. Ақындар айтысына Ұзынкөл ауданындағы 3 мектептен 6 оқушы, оның ішінде «Домбыра» үйірмесінің оқушылары қатысты. Айтысқа құрметті қонақтар аудандық мешіттің бас имамы Есенгелді қажы мен ауылдың қадірменді ақсақалы Кенесары Омарұлы шақырылды. Байқауға тыңғылықты дайындалған оқушылар аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің көмегімен ұйымдастырылған шеберлік сыныбына қатысып, өз өнерлерін көрсете білді. Бұл айтыс өнерлі, дарынды адамдардың басын қосты, олар өз өнерлерімен бізді таң қалдырды. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды: 1 орын – Досумбекова Әсемгүл, 2 орын – Есілбай Мадина, 3 орын – Қайырбек Айым. Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен және сыйлықтармен марапатталды. Балаларды дайындаған ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.

© 2024 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Ұзынкөл ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Узункольского района»
Управления образования акимата Костанайской области