«Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығына сәйкес 2024-2026 жылға арналған мемлекеттік тапсырыстың нәтижелерін бағалау үшін сараптамалық кеңестің құрамы қалыптастырылатынын хабарлайды.
Азаматтық қоғам өкілдері арасынан сараптамалық кеңес мүшелігіне кандидаттарды шақырамыз.
Сараптама кеңесінің мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде және ерікті негізде жүзеге асыратынын қосымша хабарлаймыз.
Бұл ретте сараптама кеңесінің мүшелігіне кандидаттар Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыратын үкіметтік емес ұйыммен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы хабарламаны толтыруы қажет (Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес).
Сараптамалық кеңестің құрамына енгізу туралы өтінімді 8(71444)24235 телефоны бойынша қалдыра аласыз (Завирюха Светлана Александровна – «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің әдіскері)