28.03.2024 жылы әлеуметтік педагогтар, медицина қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, мектепке дейінгі ұйымдардың директорлары үшін "Мектептер мен балабақшаларда салауатты және сапалы ыстық тамақты ұйымдастыру" аудандық семинары өткізілді. Семинарға "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұзынкөл аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ басшысы Ахметвалеев Батыргали Искакович, "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің Ұзынкөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ бөлімінің басшысы Курочкина Наталья Николаевна, «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ әдіскері Шелопухо Галина Викторовна қатысты. Семинар барысында жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, 2024 жылдың жазғы кезеңінде тамақтанатын мектеп жанындағы алаңдардың жұмысы, жалпы білім беретін мектептер мен балабақшаларда тамақтандыруды ұйымдастыру саласындағы қолданыстағы санитарлық заңнама мәселелері бойынша ұсыныстар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша қоғамдық тамақтандыру нысандарында профилактикалық іс-шаралар кешенін күшейту бойынша ұсыныстар берілді.