Бүгін, 2023 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күні қарсаңында «Жеңіс» стадионында «Жақсылық жаса» қайырымдылық шаңғы марафоны өтті. Марафонға білім беру ұйымдарының, мектепке дейінгі мекемелердің, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің директорлары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Қайырымдылық марафоны барысында біз көп балалы отбасына, Антонюк Леонид пен Петрдің ата-аналарына 262 мың теңге сомасына ақшалай қаражат жинап, тапсырдық.
«Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ және Ұзынкөл аудандық кәсіподақ білім беру ұйымы «Жақсылық жаса» қайырымдылық шаңғы марафонының барлық қатысушыларына алғыс білдіреді, Сіздердің қайырымдылығыңызды, емделуге және оңалтуға мұқтаж балаларға көмектесуге деген шынайы тілектеріңізді бағалаймыз.
СІЗДІҢ КӨМЕГІҢІЗ ЛЕОНИД ПЕН ПЕТРГЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚА СЕНІМ МЕН ҮМІТ БЕРЕДІ! РАХМЕТ!