Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Ұзынкөл ауданының білім бөлімі” ММ

ГУ «Отдел образования Узункольского района»
Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы форматқа ауыстырылды.

Акцияның мақсаты көп балалы, тұрмысы төмен отбасылардағы балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Биыл республикалық акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді.

Акцияның басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекте деп жоспарлануда.

Ағымдағы жылдың 26 шілдесінде «Жақсылық жаса» ұранымен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша аудандық іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоғарыда айтылғандардың негізінде жаңа оқу жылына дайындық аясында оқушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету бойынша шаралар кешені жүргізілетін болады.

Біздің әрқайсымыз халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта аламыз, олардың мектепке баратын жолы ең сәтті және бақытты болуы үшін әр балаға көңіл бөліп, шынайы қамқорлық жасай аламыз.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ ауданымыздың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуды және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге үлес қосуға шақырады.

Акцияға қосылғысы келетіндердің барлығын 87144424235 телефоны немесе тікелей білім беру ұйымына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Ұзынкөл ауданының білім бөлімі ММ басшысының сөз сөйлеуі


Сауалнама: Сіздің балаңыз мектепке дайын ба? 

© 2024 Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының
“Ұзынкөл ауданының білім бөлімі” ММ ГУ «Отдел образования Узункольского района»
Управления образования акимата Костанайской области